"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
"Қыз тағдыры – кітапта" атты ой бөлісу кеші өтті

Мектебімізде "Даналық мектебінің" ұйымдастыруымен "Зере" аналар клубы мен "Қыз Жібек" қыздар клубымен бірлесе өткізілген "Қыз тағдыры-кітапта" атты оқырманмен ой бөлісу кеші болып өтті.

Кеш мақсаты: Көркем әдебиетте ана мен қыз тақырыбындағы шығармаларды талдау, кітап оқуға отбасын баулу.

Әр топқа оқуға Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романы, Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан" романы, Ә.Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар" атты шығармасы, Б.Иманғазинаның "Тауқымет" романдары берілді. Әр топ шығарма идеясын талдап бүгінгі өмірмен байланыстырды.

Шара барысында "Көңілге түйгенім..", "Қызыма айтарым.." айдарымен сұрақ-жауап ретінде көрермендермен де ой бөлінісілді. Кешке С.Жиенбаев атындағы қалалық кітапхана ұжымы да қатысып, кітап көрмесімен, өз жыр-шашуларымен бөлісті.