"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
"Замана заңғары, сөз зергері" – Ә.Кекілбайұлының 85 жылдығына арналған әдеби кеш

С.Жиенбаев атындағы кітапхана төрінде 6-желтоқсан күні заманның заңғар жазушысы, қарымды қаламгер, ақын Ә.Кекілбайдың туғанына 85 жылдығына орай "Замана заңғары, сөз зергері" атты әдеби кеш өтті. 

Кеш мақсаты: жазушы шығармаларын оқырманға талдап таныстыра отырып, түсіндіру. Құнды сөздерімен таныстыру, өлеңдерін жатқа оқу. 

Кешке мектеп оқушылары С.Жарылқасын "Ең бақытты күн" әңгімесін,А.Нұрлыбек " Шыңырау" повесін талдай отыра түсіндірсе, Б.Хамитбек өлеңдерін жатқа оқыды. Оқушылардан құралған топ "Әбіштің әуезді сөздері" атты айдарымен құнды сөздеріне шолу жасады. 

Кітапхана ұжымымен бірлесе өткізілген шараның оқырман үшін де, оқушы үшін де берері мол екені сөзсіз.