Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өтіп жатқан “Заң және Тәртіп” акциясы жоспарына сәйкес “Бәйтерек” әкелер клубы мен “Арлан” ұлдар клубы арасында “Әкем және мен” тақырыбында байқау өткізілді.
Байқау 3 номинация бойынша өткізілді:
1. Спортшы жұп;
2. Өнерлі жұп;
3. Шебер жұп;
Барлық номинациялар бойынша байқауға қатысуға 25 жұп өтініш білдірді.
Байқау қорытындысы бойынша “Бас жүлдені” 1 “Г”класы атынан “Шебер жұп” номинациясы бойынша шыққан “Дархан Абу Бакр мен әкесі Ағыс Қуаныш Дарханұлы”жеңіп алды.
Қалған қатысушы жұптар 1,2,3 орын дипломдарымен марапатталды. Қатысуша барлық әкелер мен ұлдарға алғысымызды білдіреміз.
