"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
"Қолөнер - халық қазынасы" шеберлік сағаты: өнер мен дәстүр сабақтастығы

Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерімізге деген қызғушылығын, ойлау қабілетін, сөйлеу шеберлігін арттыру мақсатында Даналық мектебінің ұйымдастыруымен "Қолөнер-халық қазынасы" атты шеберлік сағаты өткізілді. 

Сабақ мақсаты: түрлі ою-өрнек туралы мағлұмат беру, шығу тарихын, мағынасын, қолданылу туралы әңгімелесу, шеберлікке, әдемілікке, өнерге, ою-өрнектерімізді құрметтеуге баулу. Ата-аналар қолынан шыққан құнды дүниелер мектепке сыйлық ретінде табысталды.

Өнер - әсемдіктің ең жоғарғы түрі, өйткені ол табиғаттың әсемдігін де, адам еңбегімен жасалған заттардың әсемдігін де, сол адамның ұлылығы мен сұлулығын да, оның ой-арманын да өз бойына жинақтап, жан-жақты бейнелей алады. Қолөнер – өресі биік, өрісі кең өнер.