"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
«Мектептегі білім беру сапасын басқару: стратегиядан практикаға» облыстық семинар-практикумы өтті

20-желтоқсанда Ақтөбе қаласындағы №39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейінде «BILIM QAZYNA» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалы бірлесе мектеп директорларына арналған «Мектептегі білім беру сапасын басқару: стратегиядан практикаға» облыстық семинар-практикум өткізілді.

Мақсаты: мектеп директорларына мектепті басқару бағытындағы теориялық – практикалық әдістемелік қолдау, мектеп әкімшілігінің іс-тәжірибесімен бөлісу.