Ағымдағы жылдың 29-30 наурыз күндері Алматы қаласында Алматы қаласының Медеу ауданы әкімі аппараты мен "Тәуелсіз ел жастары" қоғамдық қорының бірлесуімен, Жастар жылының аясында "Үздік жас ұстаз - 2019" Екінші Республикалық форумы өткен болатын.
Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясы базасында ұйымдастырылған бұл ауқымды шараға республиканың түкпір-түкпірінен 150-ден астам жас педагогтер қатысып, жас ұстаздардың өміріндегі өзекті мәселелерді өзара талқыға салды. Форумға қатысып маңызды іс-тәжірибелер мен ұмытылмас әсерлер куәгері болған мектебіміздің жас та болса білігі мен білімі жарасқан география пәні мұғалімі Бактыбаева Айгуль Жанабаевна "Үздік жас ұстаз" төсбелгісімен, сертификатпен марапатталды. Құттықтаймыз!!