"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
"Ақтөбе мектеп лигасы" турнирі

6 сәуір күні "Қоныс" спорт сарайында футболдан "Ақтөбе мектеп лигасы" турнирі аясында "Дару кубогі" үшін "Астана" және "Алматы" аудандары мектептерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінен құралған командалар арасында шағын футболдан жарыс өтті.

 

Бәсекеде мектебіміз қарасты "Астана" ауданы құрамасы 5:2 есеп айырмасымен жеңіске жетіп, чемпион атанды. Аталмыш команда мүшесі болып, әсерлі жеңіске елеулі үлес қоса тамаша ойын үлгісін көрсете білген, үш бірдей голдың авторы мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Тлеубергенов Арслан Қанатұлын да жеңісімен құттықтаймыз!!!