3-мамыр күні мектеп бітіруші 11 класс түлектеріне арналған ерекше жоба "11 класс күндері" аясында мектебіміздің 11"А" класс оқушыларының ұйымдастыруымен "11а_tulekter_2k19" атты инстаграм әлемімен байланысты мерекелік кеш өтті.
Кеш қонақтары - ұстаздар мен ата-аналар 11 класс түлектерінің инстаграм желісіндегі жеке парақшаларына саяхаттап, неше түрлі қызыққа толы сәттерге куә болды. Мұнда әсем ән де, әдемі би де, көңіл толқытар жыр да, жүрекжарды ізгі тілектер де бәрі-бәрі жарасымын тауып, қуанышқа бөледі, ғажайып естеліктер қалдырды. Түлектер осынау бейбіт өмірді сыйлаған майдангер батырларымызды да ұмыт қалдырмай биден қойылым дайындап, тағзым көрсетті. Кештің тағы бір ерекшелігі деп - түлектеріміздің аналары өз өнерлерін ортаға салып, көпшілікті таң қалдырғанын атап өтуге болады.
Класс жетекшісі: Шудабаева Жайнагуль Мырзакановна
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/255-11a-tulekter-2k19.html#sigFreeId6590ec3547