"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
"Алғашқы қадам сынағына"

"Ақтөбе-Достық" және "Сана" білім беру орталықтарының бастамасымен "Жастар жылында" арнайы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай "150 игілікті іс-шара" аясында сәуір айында өткен, қаламыздың 10-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған "Алғашқы қадам сынағына" (негізгі пәндерден сынақ-олимпиада) қатысып, жоғары білім деңгейін көрсеткен білім алушыларымыз: қала бойынша 2000 қатысушы ішінен озып шығып, 106 ұпаймен бірінші орынды жеңіп алған 10"А" класс оқушысы Сулейменов Аманды және осы кластың білім алушысы Чабаева Сымбатты бесінші орынға ие болуымен құттықтаймыз!, Аталған білім алушыларымыз жоғарыда көрсетілген білім беру орталықтарында дайындалуға бірі 70% жеңілдікке ие болса, енді бірі 30% жеңілдікке қол жеткізді.


Қала бойынша өткен мұндай ауқымды шарада белсенділік танытып, білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларымыздың өз білім-білігін көрсетуге              ықпал еткені үшін мектеп басшысы Амитжанова Индира Базаралиевна "Ақтөбе-Достық" білім беру орталығы атынан "Алғыс хатпен" марапатталды.

Жетекші-пән мұғалімдері: Мухамбедиярова Жанилсын Избасаровна, Диханова Багила Жонисовна, Елшибаева Айнур Есентаевна, Борисова Саягул Тургалиевна сондай-ақ бастауыш класс мұғалімі Басмагамбетова Гүлзада Курманбаевнаға мың алғыс! Мыңды жығар білімді шәкірттеріңіз көп болғай!