25 мамыр күні мектебіміздің акт залында, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін, 2018-2019 оқу жылында жоғарғы табысқа жеткен жалынды да дарынды оқушыларды ұлықтайтын «Жұлдызды сәт - 2019" атты 1-11-сыныптарының оқу үздіктері, әр түрлі сайыстар мен конкурстардың, конференциялардың жүлдегерлерінің ата-аналарын құрметтеп, марапаттау рәсімі болып өтті.
Дәл осы жас ізденімпаз, жаңашыл, талапты балаларымыздың ата-аналарына мектеп директоры Амитжанова Индира Базаралиевна жылы лебізін білдіріп, жақсы тілектерін арнады, алғысын айтты.