"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
"Айгөлек" жазғы балалар лагері

Мектеп жанынан құрылған "Айгөлек" жазғы балалар лагерінің оқушылары каникулдағы демалыс күндерін қызықты да көңілді өткізуде.

 

Балалар күнбе-күн сүйікті қаламыздың әсем жерлерін аралап, Керуен сити орталығында орналасқан Кинопарк кинотеатрында әсерлі фильм қарап, "Маулен" спорт кешеніндегі бассейнге барып суға түсіп, 11-12 мөлтек аудандарындағы ҚР Тұңғыш Президенті және Астана саябақтары мен балалар ойын алаңдарында уақыттарын есте қаларлықтай өткізуде.