"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Тарихи-рухани танымдық өлкетану саяхатына барып қайтты

Елбасымыздың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың мамыр айында Ертүріктің бесігі болған Түркістан шаһарына мектебіміздің 5-6-7 класс білім алушылары ұстаздарымен тарихи-рухани танымдық өлкетану саяхатына барып қайтты. 

 

Тарихи өлкенің мәдени ошақтары: Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін көрді, Гауһар ана бейітіне барып тәу етіп, құдығының суынан дәм татты, қасиетті Домалақ Ана кесенесіне, Бәйдібек ескерткіші мен Ақ мешіт әулие үңгірі киелі мекендерін аралады. Саяхат барысында оқушылар сондай-ақ, Отырар, Сауран қалашықтарын өз көздерімен көріп тарихи деректерді көңілдеріне түйді, Қарабдалов атындағы этно-мұражайында болып талай рухани азық алды. Сондай-ақ, мектебіміздің экскурсия қатысушылары еліміздің үшінші мегаполисі атанған шырайлы Шымкент қаласында болып, оның мәдени көрікті жерлерін тамашалады.