Ағымдағы жылдың 8-маусым күні, қаламызда жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Aqtobe CNPC - AMG HalF Marathon» жарысы өткен болатын.
Халықаралық және қайырымдылық статусын алған марафонға қатысушылардың қарасы көп болды және олар салған барлық жарна мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек ретінде табыс етілді. Қала әкімі Ілияс Испановтың өзі қатысқан 10 километр қашықтыққа жүгіру спортынан мектебіміздің денешынықтыру пәні мұғалімі Тлеубергенов Арслан Қанатұлы және мектеп бітіруші түлегіміз Абылханұлы Ислам белсенді қатысты. Талантты спортшы 11"А" класс түлегі Абылханұлы Ислам жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрініп Екінші орынды қанжығасына байлап марапатталды. Құттықтаймыз!!!
#құттымекенақтөбе#Ақтөбеге150жыл
#марафон2019
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/273-aqtobe-cnpc-amg-half-marathon-zharysy-tti.html#sigFreeIdde74a0084d