"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Елбасының дара жолы»

Х А Б А Р Л А М А

 

Өткізілген уақыты: 29.11.2019 ж

 

Тақырыбы: «Елбасының дара жолы»

 

Мақсаты: Тұңғыш Президент – Елбасының Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қалыптастырудағы маңызды рөлін ашып көрсету;

 

Бүгін 29 қараша күні Ақтөбе облысы әкімдігінің бастамасымен сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған «Қазіргі заманғы Қазақстан Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізілді. Мектебімізде атаулы шара 8-9 класс оқушыларының қатысуымен «Елбасының дара жолы» тақырыбында ашылды. Жалпыреспубликалық ашық сабаққа қонақ ретінде Ақтөбе облысы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ажниязов Руслан Амирханович қатысты. Ашық сабақта Елбасының өмірбаяны бейнеролик ретінде көрсетіліп, оқушылар көптеген тың ақпараттаға ие болды. Сабақ барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағы, еңбек жолы туралы мәтіндер оқылды. Оқушыларға шығармашылық тапсырма ретінде топқа бөлініп, әр топ өз партиясын құру берілген болатын. Әр партиядан Президенттікке үміткер сайланып, олар өз бағдарламасын тыныстырып өтті. Көрермен тарапынан үміркерлерге дауыс берілді. Осылайша, жалпыреспубликалық ашық сабақ өз мақсатныа жетті.