"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Абай -дана, Абай-дара қазақта»

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, № 39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде  «Абай -дана, Абай-дара қазақта» атты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен апталықтың ашылуы өтті.

Ақынның көңілге түрлі ой салар өлеңдері мен адамзатқа ұстаз болған қара сөздері арқылы бар қазақтың жүрегінің төрінен орын тапқан әдеби апталықтың мақсаты – қазақ поэзиясының кемеңгер тұлғасының терең шығармалары арқылы жастардың ұлтжандылық сезімін ояту, елін, жерін, туған тілін сүю – Отан алдындағы қасиетті борыштары екендігін ұғындыру.Кеш барысында мектебіміздің жас мұғалімдері Абай өлеңдерін үш тілде нақышына келтіріп жеткізді.

Сонымен қатар  оқушылар  ойшыл ақынның өлеңдерін мәңерлеп оқып, «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас» сынды бірқатар әндерін   орындады.

Сондай-ақ, оқушылар ақын туралы естеліктермен бөлісіп, өздерінің арнауларын оқып, шығармаларындағы терең философия  жайлы тамаша сахналық қойылымдарды орындауда данагөй бабаларымыздың рөлдерін дәлме-дәл сомдады. Сонымен қатар Абайдың балалық шағы мен шығармашылыққа бет бұрған кезеңінен бастап өмірінің соңғы күніне дейін суреттелген сахналық көрініске куә болдық.

Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды заман тынысы, халық үні, мәңгі өшпес жарық жұлдызы!

 

.