"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
"Жұрт алдында сөйлеуге дайындық жолдары" тақырыбында пән мұғалімі Мухамбедиярова Жанылсын Ізбасарқызы ашық сабақ өткізді
Бугін мектебімізде қазақ тілі пәнінен 11 "Ә" класында "Жұрт алдында сөйлеуге дайындық жолдары" тақырыбында пән мұғалімі Мухамбедиярова Жанылсын Ізбасарқызы ашық сабақ өткізді. Сабақ бірлескен жұмысқа негізделіп,тақырыпқа сай жұрт алдында сөйлеуге дайындықтың үш түрі бойынша білім алушылар Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" тақырыбындағы мақаласымен танысты.Білім алушылар өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін,мәдениеті мен әдебиетін,рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен,танымалдығымен бағалайтынын,Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет екеніне көз жеткізді. Қазағын,халқын төрге жетелеуді мақсат тұтқан Абайды сүюді үйрену керек деген ұстаным қалыптастырды.