"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Әлем таныған Абай»тақырыбында көркемсөз байқауы өтті!
«Әлем таныған Абай»тақырыбында Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мектепшілік көркемсөз байқауы өтті! Шараның мақсаты: Абай шығармашылығы арқылы оқушылардың бойында поэзияға деген сүйіспеншілігін ояту, мәнерлеп оқу, жатқа айту дағдысын жетілдіру және рухани көзқарастарын кеңейту болып табылады!
Бұл мектепішілік шараға 1,2,3,4-класс оқушылары қатысты. Оқушылар Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты.