"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Ең үздік ата-аналар ұжымы" отбасылық сайысы ұйымдастырылады!
N39 қазақ  орта жалпы білім беру мектебінде 1-9 кластар арасында «Ең үздік ата-аналар ұжымы" отбасылық  сайысы ұйымдастырылады! Өткізілетін спорт түрлері: волейбол, шахмат, дойбы (шашки), тоғызқұмалақ.
Байқаудың жалпы мақсаты: 
1). Болашаққа бағдар: « Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау;
2). Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайту;
3). Салауатты өмір салтын насихаттау;
Байқаудың шарттары:
I-кезең -"Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!" спорттық жарыс;
II-кезең -"Наурыз -жыл басы" театрландырылған көрініс;
III-кезең -"Тазалықты сақтау - әр адамның міндеті" мектеп айналасын абаттандыру мен көркейту жұмыстарын жүргізу;
IV-кезең - 9 мамыр жеңіс күніне орай патриоттық әндер байқауы.
Командаларға сәттілік тілейміз.