"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Катаклизм кезіндегі менің қауіпсіздігім" тақырыбында ашық сабақ өткізді

Дүниетану пәнінен 4 "Ә"класында Садуакасова Базаргуль Ертасовна «Катаклизм кезіндегі менің қауіпсіздігім" тақырыбында  ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушылар жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіре отырып,оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды қолданды. Оқушылардың ауа-райы, климат, климаттық белдеулер туралы алғашқы түсініктер алды.«Тірі табиғат» бөлімінде табиғи ортада өз қауіпсіздіктерін жоспарлауды және тәуекелді бағалауды үйренді. Сабақ тақырыбы ойын, жұмбақ және саралау әдістерін пайдалана отырып жаңартылған білім беру мазмұнына сай ұйымдастырылып, меңгертілді