"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Бүгін мектебімізде МИФ бірлестігінің апталығының ашылуы өтті!

Жалпы апталықтың мақсаты-бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне,

компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады!Апталық барысында оқушылар ант қабылдап , сахналық көрініс қойып, би билеп бар өнерлерін ортаға салды!