"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
"Менің алғашқы программам" тақырыбында ашық сабақ өткізді

5"А"класында Бисенгалиева Нургул Тлеугабыловна информатика пәнінен "Менің алғашқы программам" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Оқушыларды екі топқа бөліп,оқушылар топпен Scratch бағдарламасында алғашқы программа жасауды үйренді. Сабақ  барысында тармақталу  және цикл командаларын қолданып программа құрауды үйреніп,Scratch бағдарламасында фонды, қадам санын өзгерте отырып, "Ғажайып қиял"әдісі арқылы анимация құрастырды. Сабақ соны "Ұстазға хат" рефлексиясымен бағаланды.