"Сүйіспеншілікпен өмір сүру" тақырыбында 6 кластар арасында Тайберген Әсел Тұрақбайқызы дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел мақсаты: оқушыларға қарым - қатынас жасаудың маңыздылығын түсіндіріп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ұғындыру.Жақсы көру, сүйіспеншілік ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру,сүйіспеншілікпен қарым - қатынас жасауға баулу,оқушыларды туған елін, жерін, ата - анасын сүюге тәрбиелеу. Сүйіспеншілік – тіршіліктің тірегі.Риясыз сүйіспеншілік – тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі екенін оқушыларға түсіндірді. Дөңгелек үстел барысында Алдар Көсе"Күтпеген қонақ" мультфильмі көрсетілді. "Жалғастыру ойыны", "Не істеуге болмайды"?" әдістері қолданылды.