"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
"Ондық бөлшектерді қосу және азайту" тақырыбында ашық сабақ өткізді

5"Ә" класында Елшібаева Айнұр Есентаевна  математика пәнінен "Ондық бөлшектерді қосу және азайту" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: оқушыларды ондық бөлшектерді қосу, азайту алгоритмін айта білуге үйрету және ондық бөлшектерді қосу мен азайтуда пайдалана білуге дағдыландыру. Ондық бөлшектерді қосуда тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдалана білуге қалыптастыру. Натурал саннан ондық бөлшекті азайтуды үйрету.Сабақтың әдісі: сұрақтар топтамасы, жұптық жұмыс, оқулықпен жұмыс, «Миға шабуыл», "Kahoot" программасы арқылы есеп шығарып , топпен жарысты.