"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Бүгін мектебімізде "Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобасының 1 кезеңінің жеңімпазы "Пандус Ок" әлеуметтік жобаның авторы , спортта мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Италияда өткен жүзуден Әлем кубогының "Алтын медаль иегері,

кәсіпкер Шахан Жулдасбаевпен,2 кезең үміткері Жетесовтар отбасылық "Шашу" ансамблінің жетекшісі ,патронат ана А.Ешпанова  және "Атамекен" ҰҚП ұйымдастыруымен өткен Республикалық "Алтын Оймақ" байқауының Республика бойынша Ақтөбе облысынан жеңімпаз болған,дизайнер 10 жасар Әйгерім Мұратқызы мен  анасы "Қазақстандағы 100 жаңа есім"жобасының үшінші кезеңінің үміткері,Отандық өндіруші  анасы "Aikerim brand"фирмасының директоры, көп балалы ана Мазинова Айнагүл Жалғасбайқызы  және Бұқаралық ақпарат және Қазақстан халқы Ассамблеясы  жанындағы кеңестер жұмысын іске асыру қызметінің сарапшысы Мулдыкешова Бекзат Орынбасарқызы қонақта болды. Кездесу барысында өмірлік жолдарын, жетістікке жету сырларымен бөлісіп ,оқушыларға сыр шертті. Оқушылар Шахан Жулдасбаев туралы бейнефильм тамашалап, улкен әсер алды. Шашу ансамблінің жетекшісі, патронат ана А.Ешпанова қонақ кәде ретінде балаларына құлақ құрышын қандырар қазақтың күйін күмбірлеткізді!