"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
"Қазақстан ойконимдері.Елді мекендер мәселелері" тақырыбында ашық сабақ өткізді

9 "Ә" класында Бактыбаева Айгуль Жанабаевна  география пәнінен "Қазақстан ойконимдері.Елді мекендер мәселелері" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Оқушыларды төрт топқа бөліп, топтық , жұптық және жеке тапсырмалар орындатты. Сабақ барысында Қазақстандағы ойконимдерді жіктеп, мағынасын түсінуді  және транслитерациясын үш тілде ұсынуды , Қазақстанның елді мекендері проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын үйренді. Сабақты  қортындылау мақсатында "Kahoot" программасы арқылы оқушылар сұрақтарға жауап берді.