"АЛҒЫР АЛТАУ" "Жаратылыстану ғылымы - ғылымдардың патшасы" атты жаратылыстану бірлестігі апталығында химия пәнінен Салтанат Жұбатқанқызының ұйымдастыруымен "Алғыр алтау" интеллектуалды ойыны өткізілді.
Сайысқа 9-кластар қатысып, әр кластан 6 оқушыдан білім сынасуға ат салысты. Интеллектуалды ойын 4 бөлімнен тұрды. Сайыс барысында оқушылардың жылдамдығы, үштілді меңгергендіктері, интеллектуалды ой-өрістері және де импровизациялық қабілеттері шыңдалды. Барлық бөлім нәтижесі бойынша 1-орынды 9"ә" класы - "Франций"тобы иеленді. Екінші орын 9"а" класының "Energy"тобына, ал үшінші орын "Криптон" атымен 9"б" класына бұйырды. Оқушылар өте жоғарғы деңгейлі білім көрсетіп, аса шапшаңдық танытты. Және де барлық пәндерден осы сынды интеллектуалды ойындар, оның ішінде класстар сайысы көп болса екен деген ниет білдірді.
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/380-al-yr-altau-zharatylystanu-ylymy-ylymdardy-patshasy.html#sigFreeId7e25140325