"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
"Туған өлкем Ақтөбе"
"Жаратылыстану ғылымы - ғылымдардың патшасы" атты жаратылыстану бірлестігі  Туристер станциясымен бірігіп "Туған өлкем Ақтөбе" атты іс-шарасы ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды Ақтөбе қаласының тарихы,географиялық ерекшелігі туралы мәліметтер мен таныстыру.Ақтөбе өңіріне еңбегі сіңген даңқты тұлғаларды анықтау.
 
Оқушыларды топтасып жұмыс істеуге,өз ойларын ашық айта білуге дағдыландыру.
Оқушылардың Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Іс-шара барысында оқушылар Ақтөбенің тарихы, қазба байлықтары, өнеркәсіп орындары  және атақты, ірі тұлғалары жайлы көптеген мағлұматтарды білетіндіктерін көрсетті. Тәрбие сағат соңында оқушылар Ақтөбе туралы өлең жырларын оқыды. Тәрбие сағат өте әсерлі, мағыналы өтті.