"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Oқушыларға патриоттық тәрбие беру,туған өлкені танып білу,туған өлке батырларын танып білу мақсатында Қобда ауданы Әлия ауылындағы Әлия патриоттық тәрбие орталығына саяхаттап келді
Жаратылыстану пәндері апталығы аясында,оқушыларға патриоттық тәрбие беру,туған өлкені танып білу,туған өлке батырларын танып білу мақсатында Қобда ауданы Әлия ауылындағы Әлия патриоттық тәрбие орталығына саяхаттап келді. Мұражай қызметкері Әлия Молдағұлованың өжеттілігі, қайсарлылығы, ерлігі туралы әңгімелеп берді. Оқушылар батыр қыз есімі тек қазақ жұртына ғана емес, орыс жеріне де кеңінен танымал екендігін, атап айтқанда, Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында Ә.Молдағұлова атындағы көшелер, ескерткіштер бар екендігін айтты. Әлияның өмірі, балалық шағы мен оқу кезеңі және ең бастысы майданда көрсеткен ерлігі туралы құжаттарымен танысты.
ЖетекшілерІ:Молдашева К
Бақтыбаева А
Каратаева К