Молдашева Кулиза Асановна 11"А"класында география пәнінен "Канада" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
1.Канаданың қалыптасуын, мемлекеттің құрамы мен құрылымы, халқы,табиғат
жағдайлары мен ресурстары туралы білік-дағдыны қалыптастыру;
2.Канада мемлекетін басқа мемлекеттермен салыстыра отырып түсіндіру, оқушылардың
пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
3 .Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасай білуге,ізденімпаздыққа,ұйымшылдыққа
тәрбиелеу;
Сабақ барысында оқушыларды төрт топқа бөліп, топтық , жұптық және жеке тапсырмалар орындатып,
ЖИГСО әдісі, «Ой қозғау», «Мағынаны тану», «Ойлан, жұптас, талқыла», «Ой толғау» әдіс-тәсілдерін пайдаланды.
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/388-kanada-ta-yrybynda-ashy-saba-tkizdi.html#sigFreeId23e2cda6aa