"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
7-класс оқушылары спортшы ағалары Сейтжан Рахат Бекманатұлы және оның бапкері Казиханов Тағыберген Шоқайұлы мен кездесті

Бүгін мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында 7-класс оқушылары спортшы ағалары Сейтжан Рахат Бекманатұлы және оның бапкері Казиханов Тағыберген Шоқайұлы мен кездесті.

Сейтжан Рахат Бекманатұлы бокстан спорт шебері,Қазақстан чемпионы,Азия Чемпионатының қола жүлдегері,Жастар арасындағы Әлем чемпионатының қатысушысы. Кездесу барысында спорт түрлерін насихаттау, азаматтық-патриоттық тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылатыны туралы, салауатты өмір салты туралы айтылды.