"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
29 ақпанда мектебімізде орыс тілі мен әдебиет бірлестігінің апталығының ашылуы өтті
Апталық барысында оқушылардың танымдық көзқарасы, шығармашылық қабілеттері көрінді. Пән апталығының мақсаты:Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,Оқушының интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту,Коммуникативтік дағдыларын дамыту болып табылады. Апталықтың ашылуы "Масленица" мерекесімен тұспа-тұс келді. Масленица – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алатын ежелгі славян халқының ұлттық мерекесі. Мейрам кезінде міндетті түрде құймақтың түр түрі пісіріледі.
Әсем ән де,  оқушылардың мың бұралған билері де бұл күннің шырайын келтіре түсті. Шарада вокалды ән тобы,  флеш моб билер, көңіл көтеретін тақпақтар орындалды. Сондай-ақ, тәттілер мен қолөнер туындылары көрмеге қойылды. Ал, Масленица мерекесінің дәстүрлі тағамы құймақ көрермендерге тегін таратылды. Шеңбер пішіндес құймақ күн бейнесін кескіндеп, көктем мен жылылықтың символын, мерекенің бұлжымас белгісін айшықтап тұрғандай көрінді. 
29.02.2020 в предверии  недели "Русского языка и литературы " у нас в школе состоялась празднование Масленицы. Цель мероприятия: познакомить с культурой и бытом русского народа. Уважать традиции других нации. 
Дети пели частушки, танцевали русские народные танцы, показывали инсценировку также читали стихи.