Шектеу шараларының салдарынан орын алған оқушы біліміндегі оқылықтардың орнын толтыру, пәндер бойынша өткен материалды сапалы меңгерту мақсатында өңірдегі барлық білім беру ұйымдарында 26 мамыр мен 19 маусым аралығында жазғы мектептер ашылатындығын хабарлаймыз.
Жазғы мектептерге оқушылар ата-аналардың өтініші негізінде қабылданады.
Құрметті ата-ана!
Егер сіз балаңыздың оқу бағдарламасын толық меңгергендігін және келесі сыныптағы білім стандарттарын қиындықсыз игеруін қаласаңыз жазғы мектепке ұл-қызыңыздың тіркелуіне себепші болыңыз. Оқу тегін және ешқандай қосымша шығындарды қажет етпейді. Мектеп формасын сақтау талап етілмейді.
Жазғы мектепке тартылған мұғалімдердің кезекті еңбек демалысы 19 маусымнан кейін беріледі. Жалақылары осы оқу жылында бекітілген оқу жүктемесі негізінде төленеді.
Мектептерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар (кіре берістегі температураны күнделікті өлшеу, маскалық режим, қолды жиі жуу, ғимаратты, оқу бөлмелерін ылғалды жинау, желдету, кварутау) толық сақталады, көпшілік шаралар ұйымдастырылмайды.
Қадірлі ата-аналар, оқушылар!