«Ақтөбе облысы білім басқармасы» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде «Құқық бұзушылыққа жол жоқ» жобасы бойынша «Спортпен күнде шұғылдан» атты спорттық акцияны жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ақтөбе дамуы» ОФ мен «Ақтөбе облыстық білім басқармасы» ММ-ң ұсынған челленджіне біздің мектебіміз де қатысты. Ұлдар еденге тіреп жатып қолды бүгіп жазу жаттығуын 30 рет жасады. Осы эстафетаны №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі №20 орта мектеп-лицейінен қабылдап, оны Ақтөбе қаласындағы №21, №24 мектептеріне жолдады.