"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ-нің тапсырысы бойынша "Ақтөбе дамуы" ҚҚ психологтарды, медиаторларды және гинеколог-дәрігерлерді тарта отырып, мектебіміздің 8, 9, 10 класс қыз балаларымен, класс жетекшілерімен, психологтарымен кездесу өткізді.
Кездесуді "Отбасын сақтау орталығының " кәсіби медиатор маманы - Лакова Тансулу Загитқызы, психологы - Калел Бибігүл Маратқызы, акушер-гинеколог - Кайыпбергенова Назерке Бақтығалиқызы өткізді.
Мамандар жасөспірімдермен жұмыс істеу бойынша класс жетекшілерге кеңестер берді. Кездесу барысында қыз баланың тәрбиесі, жеке бас гигиенасы, отбасы құндылығы туралы әңгімелер айтылды. Сонымен қатар ерте жүктіліктің алдын-алуға қатысты мәселелер көтерілді. Қыз балалар мамандарға өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауап алды.
View the embedded image gallery online at:
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/555-yz-balany-t-rbiesi-orta-is.html#sigFreeId2bfa63f2ef
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/555-yz-balany-t-rbiesi-orta-is.html#sigFreeId2bfa63f2ef