"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ"

Жылдағы дәстүр бойынша №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" акциясы ұйымдастырылды.


"МЕКТЕПКЕ  ЖОЛ" акциясының мақсаты:
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасыдан шыққан балаларға;
- Жан басына шаққандағы Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз, сол сияқты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға ;
- Жетім балаларға және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған отбасыларда тұратын балаларға;
- Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
- Білім беру ұйымының алқалы органы белгілейтін білім алушылар мен тәрбиеленушілеріне нақты көмектер көрсету.


Жылдағы жүргізілетін "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" акциясының тұрақты  ДЕМЕУШІСІ болып келе жатқан Азамат, биылғы 2021-2022 оқу жылында да 680000 теңге көлемін құрайтын қаражатқа мектебіміздің 40 білім алушысына мектепке арналған сөмкелер мен оқу - құралдарына демеушілік көмек көрсетті. Демеушімізге алғысымызды білдіреміз!