"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
"Мың мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал"
Ата-ана кәсiбiнен бiр күн
Ақтөбе Облыстық Өнер мұражайында  мектебіміздің  9"Ə" класының оқушысы Базарбаев Есеттің  анасы  Базарбаева Гулзия Жуматаевнаның жеке көрмесі ұйымдастырылуда. Бүгін класс оқушыларымен "Мың мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал" тақырыбындағы танымдық сағатта көрменің куəсі болдық. Мақсат - оқушылардың  бойында рухани танымдықты кеңейту, мектеп- оқушы-ата-ана үштігін нығайту.
Көрме туындылары ішінде анасының ұлына арнап салған төл туындысы ерекше əсер қалдырды.