"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
23-қазан 2021ж. №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің ұйымдастыруымен «Жүректен – жүрекке» атты қайырымдылық акциясы аясында мектепаралық волейбол жарысы өтті
23-қазан 2021ж. №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің ұйымдастыруымен «Жүректен – жүрекке» атты қайырымдылық акциясы аясында мектепаралық волейбол жарысы өтті. 
Жарыстың мақсаты:
- Қайырымдылық – iзгiлiктiң нақты көрінісі, адамның асыл қасиеттері екенін насихаттау;
- Мұқтаж жандарға қайырымдылық пен рухани демеу беру;
- Салауатты өмір салтын спорт ойындарымен ұштастыру;
Жарысқа қатысқандар: №21ОМГ, №33 ОМ, №61 ОМ; Қызылжар ОМ, №39 ОМ.
1  топтың құрамында 4 ер және 2 әйел адам өнер көрсетті.
Жарыста  жүлдегер атанған командалар кубокпен және диспломдармен марапатталды.
Жарыс нәтижесі:
1-орын: Қызылжар орта мектебі
2-орын: №21 мектеп-лицей
3-орын: №39 орта мектеп
Қайырымдылық акциясына қатысқан барша мектеп командаларына алғысымызды білдіреміз.