2018 жылдың 21 ақпанында мектеп жасұландықтарының қатысуымен "Ел рəміздері - ел рухы" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Отырыс барысында оқушылар мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін жан-жақты талқылады. Өткізілген шара жастар арасында мемлекеттік рәміздерге деген құрметті насихаттау, жас ұрпақты патриотизмге баулу мақсатында ұйымдастырылды. Мектебіміздегі "Жас Ұлан"Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшісі аға тəлімгер - Айжан Кошмаховна.