"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Махаббат тұнған әлемде

Ағымдағы жылдың 21 ақпан күні  Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ  "Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану" мамандығының 3 курс студент -практиканттарының ұйымдастыруымен 5-6-7 кластар арасында "Махаббат тұнған әлемде" атты сайыс кеші өтті.

Сайысқа қатысушы оқушылар "Ізгілік шуағы", "Мейірім", "Күн шуақ", "Жүрек құдыреті", "Рухты қырандар" атты топтарға бөлініп, əр топ өз өнер-білімін, ақыл-парасатын жəне өзге де  бастамаларын ортаға салып, ерекше дайындықтарын көрсетті. Жалпы  шара мақсаты: оқушы бойына  кішіпейілділік , рахымшылдық, сыпайылық, мейірімділік , жанашырлық, сыйластық сияқты биік қасиеттерді дарыту, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, рухани жан дүниесін байытуға үлес қосу.