"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
2021 жылдың 18-қараша күні Ақтөбе қалалық білім бөлімі, Әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде онлайн форматта жас директорларға арналған қалалық семинар өткізілді
Семинар тақырыбы: Мектеп басшысының қаржылық және құқықтық сауаттылығының бүгіні мен ертеңі. 
Семинарды әдістемелік кабинет әдіскері А.Садықова ашты. №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің директоры И.Б.Амитжанова «Жоспарлау мен бюджетті орындауда басшылыққа ұсынылған нормативтік-құқықтық актілер», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңы», «Орта білім беруді жан басына қаржыландыру қағидалары мен әдістемесі» тақырыптары бойынша өз іс-тәжірибесімен бөлісті.