"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рузани жаңғыру"

Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рузани жаңғыру" бағдарлама-мақаласы аясында мектебімізде мегажоба-"Екі жұлдыз" би алаңы байқауы ұйымдастырылды.

Оқушылар мен ұстаздар арасында шығармашылық байланыс орнату, жастардың бойындағы таланттарын қолдау, би жанрын дамыту секілді бағыттарды мақсат еткен байқауға барлығы 7  жұп қатысты. Байқаудың І кезеңінде "Ұлттық би", ІІ кезеңінде заманауи үлгіде бүкіл болмысыңмен би орындау болғандықтан, сайысқа қатысушы жұптардың құлшынысы ерекше болды.Қатысушы жұптардың қай-қайсысы болмасын, өздерінің белсенді, талантты екенін дәлелдеп, ерекше белсенділікпен қатысты. Қонақ ретінде шақырылған Қалалық ғылыми-əдістемелік орталығының маманы Ғазиз Қаламұлы жəне мектебіміздің қамқоршылық кеңес мүшесі Айтбаева Хансұлу ханым мен ата-аналар комитеті мүшесі Бошпанова Айгүл ханым арнайы келіп, төрелігін айтты.

Байқаудың екі кезеңінен кейін әділ қазылар алқасы үздіктерді анықтады. 

Әділ қазы алқасының шешімі бойынша «Бас жүлде» жəне "Екі жұлдыз" атағы физика-математика пəні мұғалімі Саягүл Тургалиевна мен 4"А" класс оқушысы Борисова Томиристің жұбы лайық деп танылды.

І орын – география пəні мұғалімі Айгүл Жанабаевна мен 7"Ə"класс оқушысы Жанабаева Камиллаға бұйырса, ІІ орынды мектеп психологы Гүлдидар Мұратбекқызы мен 11"Ə" класс оқушысы Орынғали Тамерлан иеленді. ІІІ орынды қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі-Эльмира Абдижалиевна және 6"Ə" класс оқушысы Исмаилова Айнара еншіледі. 

Биология пəні мұғалімі Кенжегүл Медеубаевна мен 11 "А" класс оқушысы Тюлюкбаева Асемнің жұбы «Көрермен көзайымы» атанса, ағылшын тілі пəні мұғалімі Малика Жанболатовна жəне 5 "В" класс оқушысы Орынтай Саяжан «Өнерлі жұп» , бастауыш класс мұғалімі Гүлжаһан Болатқызы мен 10"Ə" класс оқушысы Оспанов Ербол жұбы "Креативті жұп" номинациялары бойынша марапатталды.

Концерт соңында байқаудың жеңімпаздарын марапаттап, естелікке суретке түсіп, диплом мен сыйлықтар табыс етілді. Талантымен талайды тамсандырар, дарынымен далаға дабыл қағар, еліне елеулі үлес қосар жастарымыз көп болғай!!!