"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қалалық «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты патриоттық ән байқауы өтті 8-желтоқсан 2021 жыл
Ағымдағы жылдың 8-желтоқсан күні мектебімізде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қалалық «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты патриоттық ән байқауы өтті. Байқауға Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы мектептерінің оқушылары қатысты. 
Байқаудың мақсаты: Балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету, дәстүрлі ән мен ұлттық күйді дәріптеп, би өнерінің кең ауқымда өрбуіне ат салысу; Өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып, эстетикалық сана-түйсінігінің терең қалыптасуына, ізгілік пен адамгершілікке баулу; -Ұлтымыздың мәдени өнер саласындағы жетістіктерін насихаттап, оның өркендеуіне ықпал жасау.
Байқау «Эстрадалық вокал» жанры бойынша және жас ерекшеліктеріне қарай кіші топ - 6 жастан 9 жасқа дейін; орта топ -10 жастан 13 жасқа дейін; жоғары топ-14 жастан 17 жасқа дейін өткізілді. Алғашқы құттықтау сөз кезегін қалалық білім бөлімінің басшысы Қосымбаева Меткүл Ораққызы алып, барша қатысушыларға байқауда сәттілік тіледі.
Байқау мынадай қорытындымен аяқталды:
- кіші топ - 6 жастан 9 жасқа дейін:
1-орын: Қадыржан Шамшырақ №32
2-орын: Жанатова Масатты №40
2-орын: Әміржан Әл-Фараби №36
3-орын: 
Кенжегулова Райиана №39
Бимуратова Аяжан №38
Рахметова Адия №24 
 
- орта топ -10 жастан 13 жасқа дейін:
1-орын: Жадитова Аружан №36
2-орын: Сағидолла Сұлтанбек №33
2-орын: Мұханбетсағыров Батыр №24
3-орын:
Жарасқан Айболатұлы №51 
Нұрғалиев Ислам №26
Байденова Сабина №19
 
- жоғары топ -14 жастан 17 жасқа дейін
1-орын: Құдайбергенов Серік №39
2-орын: Жарас Сұңғат №47
3-орын: Әзімбек Жанерке мен Шиншиалина Фариза №56