"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Бас жүлде 11-желтоқсан 2021 жыл

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ақтөбе қаласының білім бөлімі мен №73 жалпы білім беретін орта мектебі қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арнап, қалалық «Отан деген – маған да, саған да Ана!» атты байқау өткізді.

Осы байқауда «Бақыт деген...» атты эссе жазу номинациясы бойынша мектебіміздің 9 ә класс оқушысы Капишева Томирис өзінің үздік туындысымен танылып, бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі: Мурзагалиева Рита Рахымқызы.