"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік концерт 15-желтоқсан 2021 жыл

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата баба рухына.

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі!

 

Ағымдағы жылдың 15-желтоқсан күні №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің оқушылары «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік концерт ұсынды. Мерекелік концерт Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналып өткізілді.