"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Қала мектептерінің аға тәлімгерлеріне арналған «Тәрбие жұмысының әдісі мен түрлері» тақырыбында қалалық онлайн семинар – практикум өткізілді 20-қаңтар 2022 жыл

20.01.2022ж. күні №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі мен қалалық оқушылар сарайының ұйымдастыруымен қала мектептерінің аға тәлімгерлеріне арналған «Тәрбие жұмысының әдісі мен түрлері» тақырыбында қалалық онлайн семинар - практикум өткізілді.

Семинар-практикум мақсаты: Тәрбие әдіс-тәсілдері, құралдары және формалары жөнінде түсінік беру, тәрбиенің жіктелу ретімен таныстыру, жеке тұлға дамуында тәрбиенің рөлімен таныстыру.

Алғашқы сөзді қалалық оқушылар сарайының педагог-ұйымдастырушысы Суликанова Ақмарал Болатовна алып, семинардың жақсы өтуіне тілек білдірді. Семинар барысында №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің аға тәлімгері Құлшаева Гүлдана Тасқынбайқызы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Рухани жаңғыру мақсатында тәрбие саласы бойынша мектебімізде өткізілген тәрбие іс-шараларын атап көрсетті.

Сонымен қатар семинар-практикумда аға тәлімгер семинар тақырыбы бойынша толыққанды мәліметтер берді, ал қатысушы тәлімгерлер тәжірибелік жұмыстар орындады. Семинарға қала мектептерінен 38 тәлімгер қатысты. Практикум соңында қатысушылар семнардан алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің алғыстарын білдірді.