"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Республикалық ғылыми жобалар конкурсында №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің 9-класс оқушылары 3-орынға ие болды 24-ақпан 2022 жыл

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық – практикалық орталығы 2022 жылдың 21-25 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы оффлайн форматта Шымкент қаласында өткізілді. Республикалық кезеңге Ақтөбе облысынан ең мықты үздік 24 жоба 35 дарынды оқушылар қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша облыс қоржынында 9 жоба 14  оқушы жүлделі орын иеленсе, 6 оқушының 4 жұмысы алғыс хатқа ие болды. Осы конкуста мектебіміздің 9-класс оқушылары Шулкатова Аружан мен Садыкова Гауһар ғылыми жобаларын қорғап, III орынға ие болды. Жетекшісі: Шудабаева Жайнагуль Мырзакановна.