Президент өз жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық іс-шаралары туралы айтылды. Мемлекетімізде Жаңа Қазақсандық азаматтық қоғам қалыптастыру қажет екенін нақты айтып өтті.
«Қазіргі таңда мемлекетімізді мызғымас бірліктің арқасында қорғап қалдық. Осы күндері жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінгенін атап өтті». Бұл - Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтқан сөздері. Президент сынақ кезінде ақпараттардың уақытылы, ашық түрде беріліп отырғанын мәлімдеді.
Азаматтық қоғамның рөлі күшейіп, қоғамдық ұйымдар мен билік өкілдерімен бірге бас қосып, ұлттық жобаларды ашық плотформаларда талқылайтын болады. Азаматтық ұстанымы бекем, белсенді әрбір қазақстандық азамат парламенттік сайлауға түсіп, мемлекеттің өркендеуіне үлес қосуға хақы бар. Мәжіліс мен сенаттың рөлі қайта қаралады. Бұл мемлекеттің қазіргі уақыттың талабына сай толықтай жауап беретін құжат болмақ.
Осындай жаңа жолдаудың менің ойымша, мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі жеңіл емес, ауқымы кең, мазмұны ерекше. Биік мақсаттарды бағындырып, Жаңа Қазақстанды құруға кірісеміз. Мектеп мұғалімі ретінде өскелең ұрпақтың болашағы жарқын болуы үшін, ең бастысы - еліміздің егемендігін сақтауда, Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайтуда қажырлы еңбек етуге шақырамын.
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/862-39-aza-orta-zhalpy-bilim-beru-mektebi-kmm-ni-tarikh-p-ni-m-alimi-pedagog-zertteushi-dikhanova-ba-ila-zhonisovnany-prezident-zholdauyna-pikiri-16-nauryz-2022-zhyl.html#sigFreeId1248f50a3a