"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Мектеп оқушыларының Ауғаныстан соғысының ардагері Еренов Бекболат Бектілеуовичпен кездесуі өтті 5-мамыр 2022 жыл
05.05.2022ж. күні қарулы күштердің мәртебесін арттыру мақсатында және ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына, ҰОС Жеңістің 77 жылдығына орай №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің оқушылары Ауғаныстан соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Еренов Бекболат Бектілеуовичпен кездесті. Кездесу барысында Еренов Бекболат Бектілеуович білімалушыларға соғыс кезінде өзінің басынан өткерген оқиғаларды баяндады, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Ал оқушылар болса ерлік, батырлық тақырыбында әндер мен өлеңдер орындады. Сонымен қатар мектебіміздің Жасұлан ұйымының мүшелері де батырға арнап өлең шумақтарын оқыды.
Еренов Бекболат Бектілеуович бейбіт күндердің маңыздылығын, оны бағалау білу керектігін оқушыларға түсіндіріп жеткізді. Кездесу соңында мектебіміздің кәсіподақ ұйымының төрағасы Кыныртаева Айгуль Жаксылыковна ардагерге алғыс хат табыстады. 

Ерлік сабағының мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, батырларымызды құрметтеуге, өз елінің тарихын ұмытпауға тәрбиелеу.

Шараны ұйымдастырған: алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Хасенов Аманкельді Әбішұлы.