"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Сағынбай барсаң, таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап, .....» атты Төлеген Айбергеновтың ескерткіш мүсініне гүл шоғын қою салтанатты жиыны өтті 6-мамыр 2022 жыл

06.05.2022ж. күні Ақтөбе облысының 90 жылдығына арналған жазғы маусым ашық алаңдарының салтанатты ашылуы аясында «Сағынбай барсаң, таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап, .....» атты Төлеген Айбергеновтың ескерткіш мүсініне гүл шоғын қою салтанатты жиыны өтті.

Шара кезінде мектеп оқушылары ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Алғашқы құттықтау сөзі Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ақын Талғат Тілеулесовке берілді. Талғат Тлеулесов ақынның өмір баянына шолу жасап, жиналған қауымға маңызды мағлұмат берді.

Шара мақсаты: Қала аумағында орналасқан Отан қорғаған тарихи тұлға Төлеген Айбергеновтың ескерткіш-мүсініне құрмет көрсетіп, өмірбаянына тоқталып, салтанатты түрді гүл шоғын қою.