"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
2022 жылдың 21-мамыр күні №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде «Жұлдызды сәт - 2022» салтанатты жиыны өтті

Ағымдағы жылдың 21-мамыр күні №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде ‪2021-2022‬ оқу жылының қорытындысы бойынша үздік деп танылған  және де республикалық, облыстық, қалалық байқауларда білім, ғылым, өнер, спорт салалары бойынша бірнеше жетістіктерге жетіп, мектеп абыройын асқақтатқан оқушылардың ата-аналарын марапаттау мақсатында «Жұлдызды сәт - 2022" салтанатты жиыны өткізілді.

Кеш барысында ғылым, білім жолында әрдайым ізденіспен, жаңалық ашуға деген талпыныспен қоршаған ортаның ғажайыптарын тануға деген қызығушылықтары басым қала, облыс, республика көлемінде өз білімдерін көрсете білген дарынды оқушылардың ата-аналары,  және де үздік, өнерлі оқушылардың ата-аналары марапатталып, үлкен қошеметке ие болды. Сонымен бірге спортты серік етіп, салауатты өмір салтын ұстанған оқушылардың да ата-аналарына алғыс хаттар табысталды.  

«Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында мектебімізде өткізілген «Өнерлі әке», «Үздік қолөнер», «Бауырсақ Пати», «Домбыра Пати» іс-шараларында және де «Ең үздік ата-ана ұжымы» сайысында белсенділік көрсеткен ата-аналар марапатталды.

Кеш барысында мектебіміздің ізденімпаз, жаңашыл, дарынды білімалушыларының ата-аналарына мектеп директоры Амитжанова Индира Базаралиевна  жылы лебізін білдіріп, алғысын айтты.